Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға әзірлікті бастады

17 Желтоқсан 2014, 11:24
0
Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға әзірлікті бастады - Геннадий Головкин. ©peoples.ru
Геннадий Головкин. ©peoples.ru

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен жекпе-жекке дайындықты бастады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі BoxingScene.com порталына сілтеме жасап.

Монте-Карло, Астана, Лондон және Мехико қалаларына аялдаған ауқымды медиатурдан кейін Қазақстан боксшысы АҚШ-тағы Big Bear лагерінде жаттығуларын бастап кетті. 

"Соңғы бірнеше апта ішінде менің қолым бос болмады, бірақ маған журналистермен және әлемнің әр түкпіріндегі фанаттарыммен уақыт өткізген қатты ұнады. Өз бапкеріммен бірге жаттығуды бастадым, Монте-Карлода кезекті думанды өткізуді жоспарлап отырмын", - деді Головкин. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпанда Монако астанасында өтеді. Бұл әйгілі боксшының кәсіби алаңдағы 32-ші жекпе-жегі болады.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай