28 желтоқсан 2015 11:22

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес ешқашан жұдырықтаспайды - Серхио Мартинес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Серхио Мартинес Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің ешқашан болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Серхио Мартинес Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің ешқашан болмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Менің ойымша, "Канело" мен Головкин арасындағы жекпе-жек ешқашан болмайды. Болмаса қазақстандық боксшы қандай да бір әлсіздік кезеңіне жеткенде ұйымдастырылуы мүмкін. "Канело" - мықты боксшы, алайда Головкин бұл салмақтағы талассыз бірден-бір үздік. Сондықтан да бұл жекпе-жек өтпейді деп ойлаймын", - деді аргентиналық боксшы.

Айта кетейік, WBC қос боксшының кездесуін міндеттеген болатын. Кейіннен екі боксшы да өзара жұдырықтасар алдында бір-бір жекпе-жек өткізіп алуға келіскен еді. Боксшылардың командасы мамыр айының соңына дейін бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, кездесу уақытын белгілеулері тиіс. Алдын ала болжанғандай, Головкин мен Альварес арасындағы шаршы алаңдағы шайқас 2016 жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети