1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Геннадий Головкин мен Вилли Монро баспасөз мәслихатын өткізді

Boxingscene.com сайтынан Boxingscene.com сайтынан

WBA (Super), WBС (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Boxcino 2014 турнирінің орта салмақтағы чемпионы Вилли Монро кішімен баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу Лос-Анджелес қаласында болды.

Айта кетейік, боксшылар арасындағы жекпе-жек 16 мамырда Ингливудтағы The Forum аренасында өтеді. Кездесу Астана уақыты бойынша 17 мамырда таңғы сағат 08.00-де басталады. "Қазақстан" телеарнасы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсетеді.