21 ақпан 2015 14:25

Геннадий Головкин Мюррейді алғашқы раундтарда құлатады - жанкүйерлер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото "ВКонтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан Фото "ВКонтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобынан

Геннадий Головкин Мартин Мюррейді алғашқы раундтарда-ақ нокаутпен жеңеді, Vesti.kz оқырмандарының дені жекпе-жектің осылай аяқталарына сенімді. Порталдың біршама уақыттан бері жүргізген сауалнамасының нәтижесінде 2999 адамның, яғни дауыс берушілердің 46 пайызының осы жауапты құптағаны анықталды. 


Геннадий Головкин Мартин Мюррейді алғашқы раундтарда-ақ нокаутпен жеңеді, Vesti.kz оқырмандарының дені жекпе-жектің осылай аяқталарына сенімді. Порталдың біршама уақыттан бері жүргізген сауалнамасының нәтижесінде 2999 адамның, яғни дауыс берушілердің 46 пайызының осы жауапты құптағаны анықталды. 

Жекпе-жектің қалай аяқталары туралы болжамға дауыс бергендердің тағы 46 пайызы - 2984 адам Мюррей кездесудің ортасында шаршы алаңға құлайды деп отыр.

252 респондент, яғни дауыс берушілердің төрт пайызы бұл жекпе-жекте Головкин қарсыласын нокаутпен емес, ұпай санымен жеңеді деп есептейді. 

Дауыс берушілердің 215-і, яғни үш пайызы Мюррей Головкинді нокаутқа жібереді деген сенсацияға сенеді.

Сауалнамаға қатысушылардың бір пайызы (81 адам) ағылшын боксшысы 12 раундқа шыдап қана қоймай, төрешілердің бағасымен жеңіске жетеді деп ойлайды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мен ағылшын боксшысы Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жек Монакода 22 ақпанға қараған түні өтеді. Оны еліміз бойынша "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Головкин - Мюррей жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 04.45-те басталады.

Екі боксшы үшін де бұл жекпе-жек кәсіби алаңдағы 32-кездесу болады. Головкин бұған дейінгі кездесулерінің бәрінде жеңіске жеткен. Мюррей өз кездесулерінде 29 рет жеңіп, бір рет жеңілген, бір рет тең түсті.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети