Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Геннадий Головкин Назарбаевтың құттықтауына жауап қайтарды

25 Ақпан 2015, 10:53
2
Геннадий Головкин. ©Тheguardian.com
Геннадий Головкин. ©Тheguardian.com

WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жауап хат жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық спортшы өз хатында Мемлекет басшысына таяуда өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай жолдаған жылы лебізі мен тілегі үшін алғыс айтады.

"Мен туған елімді халықаралық аренада танытып, Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай болатынын бүкіл әлемге көрсете отырып, айрықша мақтаныш пен патриоттық, жауапкершілік сезімдеріне бөленем. Еліміздегі бокс пен спортты дамытуға қарапайым үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша отандастарымызға қуаныш сыйлау, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным үшін шынайы бақыттымын", – делінген хатта.

Геннадий Головкин хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевтың және барша отандастарымыздың тарапынан көрсетілген қолдау оның жеңіске деген жігерін нығайта түсетінін атап өткен. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин ақпанның 22-сіне қараған түні Монте-Карлода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізіп, оны 11-раундта нокаутпен жеңді. Сөйтіп, өз титулын абыроймен қорғады. Ешкімге есе жіберіп көрмеген Головкин үшін бұл кәсіби шаршы алаңдағы 32-кездесу болды, ол нокауттарының санын 29-ға жеткізді. Бұған қоса, мерзімінен бұрын біткен жекпе-жектерінің санын 19-ға жеткізген боксшы атақты Майк Тайсонның рекордын қайталады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс мақсаткерліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының айтуынша, Геннадий Головкин осы қасиетінің арқасында ғаламшардағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай