12 ақпан 2015 18:42

Геннадий Головкин өзіне кімнің шабыт беретінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©Sport.mail.ru Геннадий Головкин. ©Sport.mail.ru

Геннадий Головкин Американың FightHub TV интернет-арнасына берген сұхбатында өзіне ұлының шабыт беретінін айтты. 


Геннадий Головкин Американың FightHub TV интернет-арнасына берген сұхбатында өзіне ұлының шабыт беретінін айтты. 

Сонымен қатар, боксшы тілшінің "Ұлың сенің кәсіби боксшы екеніңді біледі, ол бұл ісіңді құптай ма?" деген сұрағына ұлының көмектесетінін айтты. "Менің боксшы екенімді түсінеді. Ол маған көмектеседі. Сәттілік тілеп, қолғабымды, спорт киімімді алып береді. Кейде жекпе-жектен кейін аралға барып демалуды сұрайды, ол жүзгенді, балық аулауды жақсы көреді. Ол - менің басты шабытым", - деді боксшы. 

Қазақстандық боксшы ағылшын былғары қолғап шебері Мартин Мюрреймен кездесуі жайлы пікір білдірді. Боксшының айтуынша, қарсыласы - тәжірибелі. "Мұның чемпиондық атаққа таласатын соңғы мүмкіндігі екенін түсінетін шығар. Менде үш белбеу бар. Ол соларды алғысы келеді. Оның мотивациясы маған қарағанда көбірек шығар. Бір ғана сөз айта аламын - ол аш", - деді Головкин. Сонымен бірге, Мюррейдің жылдамдығы "жаман емес" екенін атап өтті. Сұхбаттың орыс тіліндегі жазбаша нұсқасын мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Мюррей арасындағы жекпе-жек 21 ақпан күні Монакода Salle des Etoiles алаңында өтеді. Бұл жекпе-жек екі боксшы үшін де кәсіби шаршы алаңдағы 32-кездесу болады. Жұдырықтасуды HBO телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети