25 шілде 2014 12:27

Геннадий Головкин "Рокки" мюзиклінде ойнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. Фото боксшының "ВКонтакте" желісіндегі тобынан алынды. Геннадий Головкин. Фото боксшының "ВКонтакте" желісіндегі тобынан алынды.

WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин "Рокки" мюзиклінде кішігірім рөлде ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин "Рокки" мюзиклінде кішігірім рөлде ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Головкин австралиялық боксшы Дэниел Гилге қарсы өтетін кездесудің жарнамалық акциясы аясында "Рокки" қойылымына қатысты. Сахнада Геннадий боксшыларға арналған қаппен жұмыс істеп, орта салмақтағы әлем чемпионы ретінде таныстырылды. Айта кетейік, "Рокки" мюзиклі Сильвестр Сталлоне қатысқан фильмнің желісі бойынша қойылған. Бұл мюзиклдің продюсері - Сталлоненің өзі мен ағайынды Кличколар. Дегенмен жарты жылдың ішінде бұл жоба өзін ақтамай, тамыз айынан бастап жабылатын болды. 

Еске салайық,  WBA және IBO тұжырымындағы суперчемпион Геннадий Головкин өз атағын кезекті рет қорғап қалу мақсатында шілденің 26-сы күні шаршы алаңға шығатын болады. Ол әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Гилмен 20 мың орындық Madison Square Garden аренасында жұдырықтаспақ. Қазақстандық боксшы кәсіби бокста шаршы алаңға 29 мәрте шығып, соның барлығында жеңіске жетсе, 26 кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған. Головкин WBA версиясында чемпиондық атағын осымен 11 мәрте қорғамақ. Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді.

Америкалық басылымдар бұл жекпе-жекте Геннадий Головкин сөзсіз жеңіске жетеді дейді. Bleacher Report спорт басылымы бұл кездесудің жетінші раундында қазақстандық боксшы жеңеді деп отыр. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети