Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Геннадий Головкин соққы күші бойынша Мигель Коттодан асып түсті

25 Наурыз 2015, 18:34
0
©Desdeerling.com
©Desdeerling.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (32-0 29 КО) осы салмақтағы WBC тұжырымының чемпионы Мигель Коттодан (39-4, 32 КО) соққы күші бойынша асып түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін екі боксшы Nacion ESPN студиясында болып, ондағылар боксшыларға арнайы автомат арқылы соққы күшін өлшеуді ұсынған болатын. Геннадий Головкиннің соққысынан кейін күш өлшейтін құрал 776 деген көрсеткішті көрсетсе, Мигель Коттоның соққысы - 774.  

Айта кетейік, Геннадий Головкин Пуэрто-Рико боксшысының иелігіндегі WBC тұжырымының міндетті үміткері саналады. Бірақ Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Мигель Коттоға Головкиннен бұрын қалауы бойынша кездесу өткізуге рұқсат берді. 

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 16 мамыр күні Лос-Анджелес қаласында өтеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы Boxcino 2014 турнирінің орта салмақтағы жеңімпазы - кіші Вилли Монро.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай