08 қаңтар 2017 | 13:39

GGG Джейкобстан жеңіледі деген бірнеше себеп

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ВКонтакте © ВКонтакте

Boxingnews24.com журналисі Крис Уильямс 29 жастағы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО)  34 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) басым түсуі мүмкін екенін айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Boxingnews24.com журналисі Крис Уильямс 29 жастағы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО)  34 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен (36-0, 33 КО) басым түсуі мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, Джейкобс "Келл Бруктың мықты әрі жылдам нұсқасы". Еске салайық 2016 жылы қыркүйекте ол Головкинге мерзіміне дейін ұтылып қалған болатын. Егер ұлыьританиялық боксшының жарақаты болмағанда, жекпе-жектің қалай аяқталуы белгісіз. 

Головкин сол кездесуде көп соққы жіберіп алғаны айтылған, алайда барлығын көтерген себебі оның қарсыласы "әлсіз" болған (Брук осы кездесу үшін екі салмақ дәрежесіне көтерілген). "Егер Бруктың екінші раундта жасаған апперкотын Джейкобс жасағанда, бұл нокаут болуы мүмкін еді. Джейкобс бірден осындай шабуылдарға көшетін болса, ол онда Головкинды сөзсіз жеңеді", - деп жазады автор. 

"Головкин 2013 жылдары нағыз бабында болды. 2016 жылы Головкиннің қорғанысында қателіктер пайда бола бастады, ол Доминик Уэйдтен және Келл Бруктан қатерлі соққылар алды. GGG осы кездесулердің барлығын жеңгенімен, бұрынғы Маклин, Гилл және Стивенстерді жеңгендей айқын басымдылық көрсете алмады. Оның күші өзінде, бірақ Головкин соққы жасағандағы жылдамдығы мен қорғанудағы рефлекстерін жоғалтып алды.

Сонымен қатар, Головкиннің шыдамдылығы бұрынғыдағыдай емес. Брукпен кездесу кезінде оның ауыр дем алып жүргені байқалды, оның қатты шаршап қалғанын да көрдік. Осының барлығына да оның жасы кінәлі. Ол енді жас кезіндегі жекпе-жектердегі жұдырықтасудың биік шыңын көрсете алмайды. Менің ойымша, ол Джейкобстен де "Канелодан" жеңіледі", - делінген жазбада. 

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорк қаласында Madison Square Garden аренасында өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети