03 мамыр 2018 14:42

Golden Boy өкілі Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесудің қашан өтетінін тұспалдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© boxingscene.com © boxingscene.com

Орта салмақта өнер көрсететін ирландиялық боксшы Гэри "Спайк" О’Салливан (27-2, 19 КО) Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг ұсталып, жекпе-жектен бас тартқаннан кейін 5 мамыр күні осы салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) қарсыласы болуға басты үміткер болған еді. Бірақ кейіннен О’Салливан сыйақының аз болатынын себеп қылып, кездесуден бас тартты, - деп хабарлайды  AllBoxing.Ru порталы.

Оның бас бапкері Паскаль Коллинс RTE басылымына берген сұхбатында О’Салливанның Альварестің промоутері Golden Boy компаниясымен үш жекпе-жекке келісімшарт жасағанын айтты. Оның ішінде чемпиондық кездесу де бар екен. Бірінші жекпе-жегін О’Салливан 4 мамыр күні Берлин Аброға қарсы өткізеді. Содан соң екінші кездесуді қыркүйек айында Альварес пен Головкин арасындағы екінші жекпе-жектің шоуында өткізеді екен. Кейін желтоқсан айында бұл кезздесудің жеңімпазымен қолғап түйістіреді.

Мартиросянның командасы Головкин жеңілсе, реванш беруге келісті

"Біз Лас-Вегаста "Канело" мен Головкин арасындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетеміз. Олар (Головкин мен "Канелоның командасы - ред) екінші кездесуді қыркүйек айында өткізейін деп жатыр. 15 немесе 15 қыркүйек күні. Мексиканың Тәуелсіздік күні. Содан соң Головкин мен "Канело" арасындағы кездесудің жеңімпазымен біз жекпе-жек өткіземін. Шамамен Рождество мерекесінде", - деді бапкері.

Головкин Мартиросянмен өтетін кездесуден қанша пайда табатыны белгілі болды

"Мен өмірге шынайы көзбен қарайтын адаммын. Алдағы уақытта біздің жоспар өзгермейді деп есептеймін. Бұл үш кездесуді Спайкті өмір бойынша қаржылай қамтамасыз етеді. Ол әлем чемпионы болып, болашағын жарқын етеді. Сол кезде мен де бақытты боламын", - деді Коллинс

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети