Танымал голливудтық актер Кит Миддлбрук Vesti.kz порталының тілшісіне бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер мен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин арасындағы кездесу қашан болатынын айтып берді.
Танымал голливудтық актер Кит Миддлбрук Vesti.kz порталының тілшісіне бес салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Флойд Мейвезер мен қазақстандық боксшы Геннадий Головкин арасындағы кездесу қашан болатынын айтып берді.
Бұған дейін Миддлбрук ресми түрде өзінің твиттер-парақшасына бұл кездесудің жарнамасын жасаған еді. Оның мәліметі бойынша, боксшылар биыл жазда АҚШ-та кездеседі екен.
"Екі жақ келісімге келді. Жуық арада сіздер мұны жаңалықтардан еститін боласыздар. Бастысы бұл жаңалық туралы ең бірінші мен ақпарат тараттым. Осыны ұмытпаңыздар. Сіздер мені қайталауларыңызға да болады. "Флойд пен GGG арасындағы жекпе-жек 2017 жылдың маусымында Лас-Вегаста өтеді", - дейді Миддлбрук.
I'm OFFICIALLY ANNOUNCING @FloydMayweather will be fighting @GGGBoxing You heard here First @TMZ @TMZSportsNews #Boxing pic.twitter.com/maIU126dRB
— Keith Middlebrook (@4kmiddlebrook) 9 февраля 2017 г.
Актердің пікірінше, бұл жұдырықтасуда Мейвезер сөзсіз жеңіске жетеді.
"149 фунт. Ол үшін Головкин 10 фунтқа төмен түсуі керек.Флойд жеңеді. Өйткені, ол 149 фунтта өзін еркін сезінеді. Ол өз жекпе-жектеріне басқа боксшыларға қарағанда мықты дайындалады. Менің ойымша, Флойд Головкинді оңай жеңеді", - деп пікірін айтты ол.
Миддлбруктың айтуынша, ол кіші Флойд Мейвезермен он жылдан бері жақсы дос екен. Ол "Железный человек 2", "Человек, который изменил все", "Очень плохая училка", "Трансформеры 3" секілді 35 фильмге түскен.
Бұған дейін кіші Мейвезердің өзі егер Головкин Андре Уордты жеңсе, қазақстандық боксшымен кездесеуі мүмкін екенін айтқан еді.