KZ RU EN
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 341.51
EUR / KZT - 376.55
CNY / KZT - 51.19
RUB / KZT - 5.30

Головкин - 2013 жылдың үздік боксшысы

07 Тамыз 2014, 15:54
0
Геннадий Головкин. Сурет боксшының "ВКонтакте" желісіндегі тобынан алынды
Геннадий Головкин. Сурет боксшының "ВКонтакте" желісіндегі тобынан алынды

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы Геннадий Головкин World Boxing News тағайындаған "2013 жылдың боксшысы" деген атаққа ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Отандасымыз WBN порталы жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша 74% дауыс жинады. Ал екінші орын алған канадалық былғары қолғап шебері Адонис Стивенсонға сайт қолданушыларының небәрі 12%-ы ғана дауыс берген. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2013 жылы төрт кездесу өткізіп, оның барлығында да жеңіске жетті. Ол өткен жылы бірінші жекпе-жегін америкалық боксшы Гарбриэль Росадоға қарсы өткізсе, екінші кездесуін жапониялық Набухиро Ишидаға, кейін британдық Мэттью Маклин және тағы бір америкалық боксшы Кертис Стивенсонға қарсы өткізді. 

Еске салайық, Геннадий Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 27 шілде күні өткізіп, австралиялық экс-әлем чемпионы Дэниэл Гилді жеңген болатын. Жерлесіміз Гилді үшінші раунда сұлатып түсіріп, өзінің 30-жеңісіне жетті. Одан бөлек Геннадий чемпиондық атағын 11-ші рет қорғап қалды. 

Головкиннің Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткен жекпе-жегін 8572 көрермен тамашалады. HBО арнасы бұл кездесуді тікелей эфирден көрсетті. Енді Головкин алдағы уақытта австралиялық Сэм Солиман,  мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес, пуэрторикалық Мигель Анхель Котто, Питер Куиллин (АҚШ) және кіші Флойд Мейвезер (АҚШ) сынды былғары қолғап шеберлерімен шаршы алаңға шығуы мүмкін.

 

 

 


Нравится
Пікір қалдырыңыз