Головкин HBO рейтингінде екінші орын алды

27 Желтоқсан 2015, 09:21
0

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин НВО телеарнасы жасаған рейтингте жыл қорытындысы бойынша екінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалық белгілі телеарна жасаған рейтингте алғашқы орын Никарагуа боксшысы Роман Гонсалеске бұйырды. НВО телеарнасының рейтингімен толығырақ мына жерден таныса аласыздар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес биылғы бокс әлемінде үздік тәлімгер атанған еді. Sports Illustrated басылымы бұл таңдауын былай деп түсіндіреді: "2015 жыл Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның дәуірінен Геннадий Головкиннің дәуіріне өту кезеңі болды. Қазақстандық боксшы екі жыл бұрынғысына қарағанда рингте күштірек, техникасы жетіліп, ақылды бола түсті. Бұл Санчестің жетістігі", - делінген басылымда.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай