29 мамыр 2019 09:22

Головкин алдағы жекпе-жегі қарсаңында ашық жаттығу өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: boxingscene.com Фото: boxingscene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі алдында ашық жаттығу өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Головкин жаңа бапкері Джонатан Бэнкстің қоластында жаттықты. Бұған дейін қазақстандық боксшы Абель Санчеспен жұмыс істеген еді. Онымен жұмысын биыл сәуірдің аяғында тоқтатқан

Жаттығу барысында Головкин мен оның жаңа бапкері соққылар техникасы бойынша жұмыс істеді. 

Головкин келесі жекпе-жегін  8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО). Кездесу 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді. Бұл Головкиннің DAZN-мен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети