23 сәуір 2016 20:34

Головкин алдағы жекпе-жегінен кейін мансап жолын аяқтауы мүмкін екенін айтты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © HBO Геннадий Головкин. © HBO

Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен жекпе-жегінен кейін мансап жолын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды The Daily Mail.


Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Доминик Уэйдпен жекпе-жегінен кейін мансап жолын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды The Daily Mail.

Боксшы жанкүйерлерін тартысты жекпе-жекпен қуантқысы келетінін айтты. Сонымен қатар, ол ақпанда барып-қайтқан Лондонда кездесу өткізуге де дайын екенін хабарлады. Ал Сауль Альвареспен кездесуге қайда болса да баруға дайын екенін мәлімдеді. "Мен 34 жастамын, өз жасымда ширақпын. Шын мәнінде 25 жаста секілдімін. Өзімді қартайдым деп есептемеймін. Бұл тұқымымнан, ата-анамнан. 40 жаста осындай боламын ба? Мен құдай емеспін. Мүмкін осы жекпе-жектен кейін (Уэйдпен) мансап жолымды аяқтайтын шығармын. Бұл бокс. Қазіргі уақытта жағдайым жақсы", - деді ол сұхбатында. 

Boxingscene.com басылымына берген сұхбатында ол Уйэдті "оңай қарсылас емес" деп атады. "Мен 3-4 жыл бұрын қандай болғанымды білемін, АҚШ-та ешкім мені білмейтін. Қазіргі уақытта ол сондай жағдайда. Өзін 100 пайыз көрсетеді деп үміттенемін. Мен де 100 пайызға күшімді салып тұрып жұдырықтасуға уәде беремін", - деді Головкин. 


© twitter.com/GGGBoxing және twitter.com/GilberticoWBA суреттері қолданылды

Еске салайық, Головкин - Уэйд жекпе-жегі Астана уақыты бойынша ертең, 24 сәуірде сағат таңғы 07.20-да басталады. Бокс кешін тікелей эфирде "Қазақстан" телеарнасы таратады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети