17 сәуір 2015 09:39

Головкин әлемдегі ең мықты үш боксшының бірі - Сергей Хомицкий

ПОДЕЛИТЬСЯ

@GGGBoxing @GGGBoxing

IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Хомицкий WBA (Super), IBO и WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин туралы өз ойын білдірді, -деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.

Оның айтуынша, қазір ТМД елдерінен мықты боксшылар шығып келе жатыр. Олардың ішінде Головкин мен ресейлік Сергей Ковалев бар. "Бұл жігіттер өз салмақ категорияларында бокс әлемін дүр сілкіндірді. Олар чемпион белдіктерін бірінен соң бірін иеленіп келеді", - деді ол.

Сонымен қатар, Хомицкий Головкинді қазіргі әлемдегі ең мықты үш боксшының қатарына жатқызды. "Бірінші және екінші орында Мейвезер мен Пакьяно екені белгілі. Үшінші орынға мен Головкинді қояр едім. Кличкоға келер болсақ, ол өте мықты боксшы. Дегенмен оның төбелесу мәнері маған ұнамайды", - деді Хомицкий.

Айта кетейік, танымал америкалық The Ring журналының нұсқасы бойынша Головкин Pound for pound рейтингінде жетінші орында. Бұл тізімдің басында да Мейвезер бар. Одан кейінгі орындарда Пакьяо мен Кличко тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети