08 мамыр 2017 12:11

Головкин Альварес-Чавес жекпе-жегін қызықсыз спарринг деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© iSport.ua © iSport.ua

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) қос мексикалық боксшылар Сауль "Канело" Альварес пен Хулио Сезар Чавестің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) қос мексикалық боксшылар Сауль "Канело" Альварес пен Хулио Сезар Чавестің жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Сенбілік жекпе-жек қызықсыз өтті, спарринг сияқты ғана болды. "Канело" жекпе-жекті тез аяқтағысы келмеді. Бұл көрерменге ұнамайды, себебі олар билет сатып алды. Не үшін? Шоу көреміз деп үміттенді. Барлығына да менің нокауттарым секілді драма ұнайды. Мен егерде біреуді жеңетінімді сезсем, мен оны істеймін", - деп жазады Головкиннің сөзін LATimes.

Еске салайық, 7 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болған кездесу 12 раудқа созылып, қазылар алқасының шешімімен 120-108 есебімен Альварес жеңімпаз деп танылды. 

Сонымен қатар, Геннадий Головкин (37-0, 33 KO) және мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 KO) командалары боксшылардың жұдырықтасатын орны бойынша келісімге келді. Бұл жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 16 қыркүйекте өтетін болды. Бұл күнгі бокс кешін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы қадағалайтын болады. Бұл ақпаратты комиссия өкілдері де растап отыр.  

Головкин - Альварес жекпе-жегіне қазақстандықтың барлық атағы тігіледі (WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері). Боксшылар рингте тұрып көз арбасып та үлгерді. 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети