ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2018 | 11:48
Головкин - Альварес жекпе-жегінің билеттер сатылымынан қанша табыс түсті?
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасында Лас-Вегастың T-Mobile аренасында 15 қыркүйекте өткен екінші жекпе-жектің билеттер сатылымы мен ақылы трансляциялардан түскен табыс мөлшері есептелді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасында Лас-Вегастың T-Mobile аренасында 15 қыркүйекте өткен екінші жекпе-жектің билеттер сатылымы мен ақылы трансляциялардан түскен табыс мөлшері есептелді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Невада штатының Атлетикалық комиссия мәліметінше, билеттер сатылымынан - 23 473 500 доллар түскен. 16 732 билет сатылған, ал 1 451 билет тегін берілген.
Ақылы трансляциялар көрсеткіші 1,1 миллион PPV болған. Осылайша ақылы трансляциядан кемінде 94 миллион доллар табыс түскен.
Екінші кездесудің табысы олардың бір жыл бұрынғы жекпе-жегінен әлдеқайда төмен. Ол кезде PPV сатылымы - 1,3 миллион, ал билеттер сатылымынан 27 059 850 доллар табыс түскен. Алайда PPV сатылымдары аз болғанына қарамастан қаражат мөлшері бойынша реваншта көбірек қаражат түскен.
Альварес пен Головкин екінші кездесу үшін кепілдендірілген 5 миллион доллар алады, сонымен қатар WBC президенті Маурисио Сулейманның мәліметінше, мексикалық боксшы - 30 миллион доллар, ал қазақстандық - 20 миллион доллар алады екен.
Бірінші кездесуде Альварес бес миллион, ал Головкин үш миллион алған. Жалпы есеппен Головкин бірінші кездесуден 25 миллион доллар табыс тапты, ал мексикалық - 10 миллионға көп.
Айта кетейік, 15 қыркүйекте Лас-Вегаста Геннадий Головкин төрешілер шешімі бойынша Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Мексикалық боксшы қазақстандықтың WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алды. Екінші кездесуден соң Головкин де Альварес те үшінші рет шаршы алаңда кездесу өткізуге дайын екендерін мәлімдеді.
Показать комментарии
Читайте также