Головкин-Альварес кездесуі міндетті түрде өтеді - Де Ла Хойя

24 Қазан 2015, 11:37
0
Головкин-Альварес кездесуі міндетті түрде өтеді - Де Ла Хойя - © Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Оскар Де Ла Хойя Головкин-Альварес жекпе-жегінің міндетті түрде өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Аllboxing.ru. Бұл туралы Vesti.kz жазды.

"Канело Коттомен жұдырықтасады, ол әлем чемпионы титулын иемденгісі келеді. Ол орта емес, бірінші орта салмақтың боксшысы. Сонымен қатар,  ол болашақтағы жекпе-жектері туралы сөз қозғағанды ұнатпайтын адам. Коттомен жекпе-жектен кейін басқалар туралы сөйлесуге болады. Головкинге келетін болсақ, бұл кездесу міндетті түрде болады, - деді Де Ла Хойя. - Альварес Головкинмен кездесуге дайын. Тек ол үшін қазақстандық 155 фунтқа түсу керек".

Еске сала кетейік, Альварес-Котто жекпе-жегі 21 қарашада өтеді. Бұл жекпе-жекте WBC белбеуі сарапқа салынады. Олардың жекпе-жегі аралық салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен бапкерлері келесі кездесуін 2016 жылдың ақпан айында өткізуді жоспарлап отыр. Сауль Альварес пен Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы отандасымызбен жұдырықтасуы тиіс.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай