Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Головкин Альварес пен Коттоның деңгейіне жеткен жоқ - БАҚ

10 Маусым 2015, 14:11
2
©Livesport.ru
©Livesport.ru

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Мигель Котто мен Сауль Альварес сияқты бокс жұлдыздарының деңгейіне жеткен жоқ. Мұндай пікірді Boxingnews24.com абыройлы америкалық порталының тілшісі Боб Смит айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокстағы жағдайға байланысты пікір білдіре отырып, ол бүгінгінің ең керемет жекпе-жегінің Пуэрто-Рико боксшысы Мигель Котто мен мексикалық Сауль Альварестің арасындағы кездесу болатынын мәлімдеді. "Коттоның Гилды жеңген жекпе-жегі әсерлі болды. Иә, көпшілігі былтыр Гилдың Головкиннен нокаутпен жеңілгенінен кейін абыройының айрандай болғанын айтып жатыр, бірақ мен Гилды орта салмақтағы үздік он боксшының қатарына қоямын. Иә, 72 келі салмаққа дейін Геннадий Головкин Коттоны да, Альваресті де жеңеді, бірақ қазақстандық осы уақытқа дейін олардың деңгейінде емес. Головкин олармен Хулио Сезар Чавес кіші, Карл Фроч немесе Андре Уорд сияқты жұлдыздарды жеңгеннен кейін бір қатарда болады", - деді Смит.

Сонымен қатар, Геннадий Головкиннің толған 33 жасына дейін қарсыластар тізімінде Флойд Мейвезера немесе Мэнни Пакьяо сияқты жұлдыздардың болмағаны айтылады. Ал Мейвезермен осыған дейін Котто да, Альварес те жұдырықтасқан. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай