Головкин Альвареспен екінші кездесуге 7 күн қалғанда WBC үшін салмақ өлшеді

08 Қыркүйек 2018, 16:25
0
Головкин Альвареспен екінші кездесуге 7 күн қалғанда WBC үшін салмақ өлшеді - © wbcboxing.com
© wbcboxing.com

Генадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен өтетін екінші кездесуіне жеті күн қалғанда салмақ өлшеуден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Головкиннің салмағы - 163,8 фунт (74,3 келі). Салмақ өлшеу сәтінің суретін WBC президенті Маурисио Сулейман жариялады.

Ұйымның ережесі бойынша, чемпион мен титулға үміткер кездесуге 30 және 7 күн қалған кезде салмақ өлшеуі тиіс. Барлық ұйым үшін ресми салмақ өлшеу кездесуге бір күн қалғанда өтеді. 

Еске сала кетейік, Альварес алғашқы кездесуде WBC үшін салмақ өлшеуден өтпеді, себебі чемпиондық белбеу тек Головкин үшін тігілген еді.

Кездесуден бір жыл өткенде боксшылар Лас-Вегаста тағы T-Mobile аренасында кездеседі. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша таңертең 16 қыркүйекте өтеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай