14 сәуір 2016 15:48

Головкин Альваресті боксқа құрметсіздік көрсетті деп сөкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© foxsports.com © foxsports.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий GGG Головкин (34-0, 31 КО) орта салмақта WBC белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (46-1-1, 32 КО) боксқа құрметсіздік көрсетті деп сөкті. Бұл туралы Vesti.kz спорт сайты хабарлады.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий GGG Головкин (34-0, 31 КО) орта салмақта WBC белбеуінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (46-1-1, 32 КО) боксқа құрметсіздік көрсетті деп сөкті. Бұл туралы Vesti.kz спорт сайты хабарлады.

Нақтырақ айтқанда, Головкиннің айтуынша, Альварес 155 фунт аралық салмағында ғана жекпе-жек өткізуге дайын, бірақ екеуінің де дене пішімдері бірдей. 

"Мен - қазір Альварес иемденіп жүрген WBC титулына ресми үміткермін. Мен бұл жекпе-жектің қазір болғанын қалаймын. Орта салмақта кімнің бірінші және кімнің нағыз чемпион екенін анықтау мен үшін маңызды. "Канело" - жақсы боксшы. Меніңше, ол жекпе-жекке дайын... Оның дене пішімі тура менікіндей. Оның салмағы да менікіндей. Ол 155 фунтта жекпе-жекке шыққысы келеді - неге 155? Орта салмақ дегеніміз 160 фунт қой", - дейді Головкин. 

Сонымен қатар, GGG "Канелоның" Пакьяомен болуы мүмкін делінген жекпе-жегі жайлы пікір айтты. "Бұл бизнеске келіңкірейді. "Канело" Мэнниден үлкенірек. Олар қандай салмақта жұдырықтаспақшы? 155? Бұл салмақ Мэнниге келмейді. Пакьяоның 150 фунтта Маргаритомен өткізген жекпе-жегін көрдім, бірақ 155 Пакьяоға үлкен салмақ. "Канело" салмақ өлшеуде 155 фунтты көрсетеді де, жекпе-жекке 175 фунтта шығады. Ол Мэнниге тым үлкен. Бұл спортқа деген құрметсіздік... "Канело" - орта салмақта әлем чемпионы, 140 немесе 147 фунттарда емес", - деп келтіреді Головкиннің сөзін ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі GGG ресми тобы.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети