02 қараша 2016 | 19:19

Головкин Альварестен қашып жүр - Оскар Де Ла Хойя

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsfactory.kz © newsfactory.kz

Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкинды мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасудан қашып жүр деп айыптады. Бұл туралы Allboxing.ru порталы хабарлайды.


Иконка комментария блок соц сети

Оскар Де Ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкинды мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасудан қашып жүр деп айыптады. Бұл туралы Allboxing.ru порталы хабарлайды.

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Головкин-Альварес кездесуінің болмауы мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, Головкин өздері ұсынған ұсынысты қабылдамай отыр. Оскар Головкинге Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке шығуы үшін қомақты қаражат ұсынған, алайда ол қаражаттың қандай мөлшерде екенін өзі де білмеуі мүмкін екенін айтады.

"Головкин әрдайым ақша туралы уайымдамайтынын айтады. Сол үшінде бұл кездесуді адамдар үшін, көрермен үшін ұйымдастырайық", - деді Де Ла Хойя. - Кездесу ұйымдастыру үшін шарттар қойылып, Головкинді жекпе-жекке міндетті түрде қатысатындай етуге болады, бұл сөз емес. Сіздер өздеріңіз қарап көріңіздер енді, қазіргі уақытта жекпе-жектен кімнің қашып жүргенін. Мұны Головкин істеп жүр. Бәлкім ол білмейтін шығар өзіне қанша ақша ұсынылғанын? Ақшаның аздығы туралы ештеңе айтуға болмас, себебі біз оған қомақты қаражат ұсынып отырмыз".

Еске салайық, биыл GGG америкалық боксшы Дэниэл Джейкобспен жұдырықтаспайды, жекпе-жек келесі жылға қалдырылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети