19 наурыз 2017 11:39

Головкин Астанада қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин 17 маусымда Астанада жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Геннадий Головкин 17 маусымда Астанада жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін, 19 наурызда GGG америкалық Дэниэл Джейкобсты 12 раундтың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен жеңген кезде жарияланды. "Қазақстан" телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

Алайда Головкиннің қарсыласы әзірше белгісіз. Осыған дейін бірнеше дереккөз ұлыбританиялық Билли Джо Сондерсті атаған еді.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети