23 қараша 2016 10:26

Головкин бокс туралы көне журналдың рейтингін бастап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sports.kz © Sports.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин бокс туралы көне баслылым Boxing News рейтінгін бастап тұр, - деп жазады Vesti.kz.


Қазақстандық Геннадий Головкин бокс туралы көне баслылым Boxing News рейтінгін бастап тұр, - деп жазады Vesti.kz.

Boxing News өз рейтінгінен бұрын бірінші орында тұрған пуэрториколық Мигель Коттоны тізімнен алып тастағаннан кейін өзгеріс болды. Бұған себеп Котто жыл бойы жекпе-жек өткізбеді. Соңғы рет ол Сауль "Канело" Альвареске WBC белбеуін ұтылғанна кейін (2015 жылдың 21 қарашасы) шаршы алаңға шықпаған. Кейін мамыр айында "Канело" бұл белбеуді Головкинге берді.

Айта кетейік, Boxing News шешімі Pound for Pound рейтингіне де әсер етіп, Головкин бұл тізімде сегізінші орынға көтерілді. 

Головкинның келесі жекпе-жегін 2017 жылдың басында Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетіні белгілі. Ұлыбританиялық промоутер бұл уақытты байқамай айтып қойды. 

Boxing News басылымының ТОП-10 тізімі:

1. Геннадий Головкин.

2. Дэниэл Джейкобс.

3. Билли Джо Сондерс.

4. Питер Куиллин.

5. Энди Ли.

6. Давид Лемье.

7. Хассан Н’дам Н’жикам.

8. Крис Юбенк.

9. Вилли Монро.

10. Автандил Хурцидзе.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети