24 шілде 2018 16:37

Головкин Денис Тенмен қоштасу рәсімінде неге сөз сөйлемеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы промоутер Том Леффлердің жаттығуды тоқтату туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің командасы промоутер Том Леффлердің жаттығуды тоқтату туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның алдында Леффлер жаттығу лагерін тоқтата тұру себебі ретінде Головкиннің командаласы қатысатын бокс кешіне қатысумен ғана түсіндірген еді.

GGG-дің Қазақстаннан АҚШ-қа рейсі Мәскеуде аялдады. Спортшы осы жағдайды пайдаланып, Бүкіләлемдік бокс суперсериясы (WBSS) финалындағы Александр Усикпен жекпе-жекке шыққан Мурат Гассиевті қолдауға барған. Головкин дүйсенбіден бастап Big Bear лагеріндегі жаттығуларына кірісіп кетті.

"Геннадий Денис Теннің қазасын ести сала алғашқы рейспен Лос-Анджелестен Алматыға ұшып кетті. Ол сенбі таңғысын ұшақтан түсіп, Дениспен қоштасып, ата-анасын қолдау үшін сол үйге барды.

Осы уақыт бойы солардың қасында болды, басқа ешкіммен тілдескен жоқ. Көпшілік "қоштасу кезінде неге сөз алмады?" деп сұраған болатын. Ол көпшілік алдында сөз сөйлеуге емес, Денистің ата-анасын қолдауға келген. Осындай маңызды жекпе-жек алдында жаттығуын да сол үшін ғана үзді. Ол Денисті адам ретінде және спортшы ретінде де қатты сыйлайтын. Бұл расымен барлығымыз үшін ауыр қаза", - дейді Головкиннің өкілі Жанар Өтешова.

Осыған дейін кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 33 КО) жаттығу лагерін үзуіне тура келуіне байланысты өз командасымен бірге Лос-Анджелеске қайтып оралғаны хабарланған еді.

21 шілдеде Головкин қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу үшін Алматыға келді. Қазақстандық боксшы 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерінің қазасын естігенде мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен екінші жекпе-жек өткізу үшін жаттығу лагерін үзді. Жерлеу рәсімінен кейін Головкин Мәскеуге барып, Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалын тамашалады.

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Невада штатының Лас-Вегас қаласындағы  T-Mobile аренасында өтеді. Айта кетейік, бір жыл бұрын қос боксшы осы аренада кездесіп, кіл мықтыны анықтай алмаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети