18 желтоқсан 2019 15:25

Головкин - Деревянченко кездесуі "жыл жекпе-жегі" номинациясына ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бокс туралы жазатын америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) жылсайынғы жүлделеріне ұсынылғандардың тізімін жариялады. Биыл Джо Луистің құрметіне "Он жылдықтың боксшысы" номинациясы қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Бокс туралы жазатын америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) жылсайынғы жүлделеріне ұсынылғандардың тізімін жариялады. Биыл Джо Луистің құрметіне "Он жылдықтың боксшысы" номинациясы қосылды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Жыл жекпе-жегі" номинациясына (Мухаммед Әли және Джо Фрейзер құрметіне) Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) кездесуі кірді.

Сонымен қатар, бұл тізімде мына жекпе-жектер бар:
Наоя Иноуэ мен Нонито Донэр;
Мэнни Пакьяо мен Кит Турман;
Энди Руис пен Энтони Джошуа;
Эррол Спенс пен Шон Портер;
Джош Тейлор мен Реджис Прогрейс.

"Жыл бапкері" (Эдди Фатч құрметіне): Джей Диз бен Марк Бреланда (Деонтей Уайлдерді жаттықтырады), Деррик Джеймс, Брайан Макинтайр, Эдди Рейносо және Мэнни Роблес.

"Он жылдықтың боксшысы" номинациясы (2010 - 2019): Сауль "Канело" Альварес, Мэнни Пакьяо, Владимир Кличко, Флойд Мейвезер, Андре Уорд.

"Жылдың боксшысы" (Шугар Рэй Леонард құрметіне):

Сауль Альварес, Мэнни Пакьяо, Наоя Иноуэ, Эррол Спенс, Джош Тейлор

"Жыл менеджері" (Кас Д’Амато құрметіне): Кит Коннолли, Луис Декубас, Питер Кан, Дэвид Макуотер пен Рик Мириган ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети