15 наурыз 2017 | 16:26

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінде қанша белбеу сарапқа салынады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rsport.ru © rsport.ru

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектің алдындағы соңғы баспасөз жиыны кезінде жанкүйерлердің көбісі отандасымыздың төртінші белбеуінің (IBO тұжырымының чемпионы атағы) жоқ екенін байқап, осы мәселеге қатысты ойларын бөлісті, - деп жазады Vesti.kz тілшілері.


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жектің алдындағы соңғы баспасөз жиыны кезінде жанкүйерлердің көбісі отандасымыздың төртінші белбеуінің (IBO тұжырымының чемпионы атағы) жоқ екенін байқап, осы мәселеге қатысты ойларын бөлісті, - деп жазады Vesti.kz тілшілері.

Осылайша, жанкүйерлердің көкейіндегі басты сауал - Головкиннің алдағы жекпе-жекте қанша белбеуін ортаға салатыны туралы болды. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта кәсіпқой бокста барлығы төрт ұйым бар - Халықаралық бокс кеңесі (WBC), Халықаралық бокс ассоциациясы (WBA), Халықаралық боксшылардың федерациясы (IBF) және Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBO).  

Тілшілердің айтуынша, соңғы кездері бұл төрт ұйымнан бөлек, кәсіпқой бокс әлемінде тағы да ел білмеймін атақ-дәрежелер көбейген. Мысалы, бүгінде "уақытша чемпион", "суперчемпион", күміс чемпион", "гауһар чемпион" "онжылдықтың чемпионы" сияқты саны көп, бірақ ешкім дұрыс білмейтін лауазымдар көбейіп кеткен.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, жоғарыда айтылған ұйымдардан бөлек, тағы екінші дәрежелі ұйымдар да бар. "Мысалы, қазіргі уақытта деңгейі бойынша бесінші орында тұрған Халықаралық бокс ұйымы (IBO) жұмыс істейді. Ұйымның негізі 1988 жылы қаланған. Басқа ұйымдардың мұның басты артықшылығы - боксшылардың рейтингін компьютер арқылы анықтап отырады. Яғни, арнайы автоматтандырылған жүйе ойлап тапқан. Бұл жерде адамның қосалқы факторлары мүлде әсер етпейді екен. Боксшының бұл ұйыммен байланысы қанша жерден мықты болса да, бұл оған титтей де көмектесе алмайды. Ал WBC ұйымында болса мұндай мәселелердің барлығын ұйымның кеңесі арқылы жиын барысында шешіліп отырады", - дейді басылымның тілшілері.

Ал отандасымыз Геннадий Головкиннің қазіргі уақытта WBC, WBA, IBF, IBO тұжырымдарының төрт белбеуі бар. Енді оған коллекциясын толық ету үшін WBO тұжырымының чемпиондық белбеуі жетіспей тұр. Айта кетейік, бұл белбеу ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің еншісінде. Кейбірі Головкиннің барлық белбеуінен бір мезетте айырылып қалғанын көргісі келсе, енді бірі оның тағы да жарқын жеңіске жеткеніне куәгер болғылары келеді.

Айта кетейік, Головкин Келл Брукқа қарсы кездесуде ғана барлық белбеулерін қорғай алмады. Өйткені WBA екі боксшының салмақ айырмашылығын алға тартып, отандасымызға белбеуін қорғауға рұқсат бермеген еді.

Осылайша, Головкин мен Джейкобс жекпе-жегінің алдындағы соңғы баспасөз жиынынан соң да жанкүйерлер арасында "IBO бұл атақты қорғауға рұқсат бермей қойды" дегенге әңгіме айта бастады. Бұған Головкиннің жиынға тек үш белбеумен келіп, IBO белбеуін алып келмеуі себеп болды.

Басылымның мәліметінше, бұлай ойлауға негіз жоқ. Себебі Boxrec.com порталында сол күйі жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрт белбеуін де ортаға салады деп тұр екен. IBO-ның ресми сайтында да Головкиннің төрт белбеуін ортаға тастайтыны жазылып тұр.

"Енді қазақстандық боксшыға барлық белбеулерін ортаға тастау үшін тек салмақ өлшеу рәсімі кедергі болуы мүмкін. Себебі салмақ өлшегенде қайсыбір боксшының салмағы шектеу қойылған межеден асып кетсе, онда ұйымдардың барлығы да шығым түсірулеріне болады", - дейді басылым.

Ал Головкиннің баспасөз жиынына не үшін тек үш белбеуімен келгені қазір белгісіз. Бірінші жиын кезінде төрт белбеу де түгел болған екен. Бұған қоса WBC осы жекпе-жекте тағы бір белбеу - BoxVal бағдарламасы бойынша жасалған арнайы белбеу де сарапқа салынатынын айтты.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети