22 қыркүйек 2016 15:19

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com © twitter.com

Орта салмақта бірнеше нұсқа бойынша чемпион қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен осы салмақтағы WBA чемпионы Дэниель Джейкобс арасындағы жекпе-жек желтоқсан айында өтуі мүмкін", - деп хабарлайды Allboxing.ru BoxingScene.com.

Бұл жекпе-жек Сауль "Канело" Альварестің (48-1-1, 34 КО) жарақат (Лиам Смитпен болған кездесуден алған) алуына байланысты болғалы отыр. "Канело" 10 желтоқсанға жоспарлаған жекпе-жекке қатыса алмайды. Ал оның жекпе-жегін тікелей эфирде таратуы тиіс болған телеарналар енді бұл кездесу эфирін Головкин мен Джейкобске беруі мүмкін екен. 

Нью-Йоркте Джейкобстың есімі жақсы танымал болғандықтан, ал Головкин бірнеше рет сол қалада кездесулер өткізгендіктен, жекпе-жектің осы қалада өтуі ақылға қонымды делінеді. Madison Square Garden және Barclays Center ареналары 10 желтоқсанға әзірше бос тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети