Головкин Джейкобспен жекпе-жек өткізуден бас тартты

21 Қазан 2016, 09:24
0
Головкин Джейкобспен жекпе-жек өткізуден бас тартты -

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 10 желтоқсанда Джейкобспен өтуі тиіс кездесуден ресми түрде бас тартты, - деп хабарлайды Boxing News 24. Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшы орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған болатын.

Басылымның мәліметінше, Головкин мен Джейкобстың командалары соңғы апта ішінде "саудаласып", соңында келісімге келе алмаған. Осыған байланысты қазақстандық Головкинге кездесуден бас тартуға тура келген. Енді екі боксшының жекпе-жегі 2017 жылға қалдырылып, ақпан немесе наурыз айында өтуі мүмкін. 

Айта кетейік, осыған дейін Джейкобстың бапкері Андре Розье де биыл спортшысының Головкинмен жекпе-жек өткізбейтіні жайлы мәліметті растады. Бапкер дайындалуға аз уақыт қалды деген себеппен кездесудің болмайтынын айтты. Оның айтуынша, Джейкобс әлі дайындалмаған да. Егер де жекпе-жек 10 желтоқсанда өтсе, дайындалуға алты апта уақыт қана қалады. Америкалық боксышының бапкері Джейкобстың мұндай кездесуге кем дегенде 10-12 апта дайындалғанынын қалайды екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай