Атақты америкалық бапкер Фредди Роуч Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен арадағы қарымта кездесуге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

Қарымта кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.
"Жекпе-жекті ұйымдастыру оңай болған жоқ. Бұл тамашалауға тұрарлық кездесу. "Канело" де, Головкин де бір-бірінен қорықпайды. Қарымтаны асыға күтіп келем, сұмдық болуы тиіс", - дейді Фредди Роуч.
Сондай-ақ, бапкер бұл кездесуде кімнің басым болатынын айтты.
"Головкин менің досым. Оны жақсы білемін, ұнайды. Дегенмен қазір жас әрі күш-қуаты бар боксшы "Канело" болып тұр, ал Головкин баяулап қалған. Алдыңғы жекпе-жекте оның аяқтары "Канелоның" қозғалысына ілесе алмады. "Канело" төрешілер шешімімен жеңеді деген ойдамын",- деді сұхбатында америкалық бапкер.
NYFights спорт сайтының журналисі Джон Гатлинг те осындай ойда. Оның сөзінше, Головкин бұл жекпе-жекте ойсырай жеңіледі.
Алайда екі салмақ дәрежесінде чемпион болған америкалық Тимоти Брэдли басқаша ой айтты. Брэдли қарымтада Альварестен ірі әрі күштірек Головкин жеңіске жетеді деген ойда.