17 қыркүйек 2018 08:55

Головкин екі рет "Канелоны" жеңдім деп ойлауына құқығы бар - промоутер

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал америкалық промоутер Лу ДиБелла қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жек туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Танымал америкалық промоутер Лу ДиБелла қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы екінші жекпе-жек туралы пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Лас-Вегастағы кездесуде көпшілік төрешінің шешімімен Альварес жеңіске жетті. Бұл орташа салмақтағы WBC, WBA (Супер) және IBO дәрежесінен айырылған Головкиннің мансабындағы тұңғыш жеңілісі.

"Менің ойымша, GGG жеңіске жетті, бірақ бұл ұрлық емес. Геннадий өзін екінші рет жеңімпаз болдым деп ойлауына барлық негіз бар. Ол есе қайтаруға үміті бар үшінші жекпе-жекте жасара түспейді. CaneloGGG3-де "Канело" заңды жеңімпаз болады. Бокс - қатаң бизнес", - деп жазды Лу ДиБелла Twitter-дегі парақшасында. 

Дискуссия барысында ДиБелла ұстанатын позициясын түсіндірді.

"Менің ойымша, Головкин екінші рет жеңді. Соңғы кештегі нәтижесіне көне аламын. Жақын қалып еді. Бірінші жекпе-жекте жігітті тонап кетті. Үшінші жекпе-жек көңілге қонымды болмайды. Арасындағы үлкені жыл өткен сайын жасы үлкейіп қаусай бастайды. "Канело" күшінің қайнап тұрған кезінде. GGG үшін көңілім түсті", - деп ойлайды ДиБелла.

Еске сала кетейік, Головкин нәтижені хабарлағаннан кейін сұхбат берместен рингтен кетіп қалды. Ал Альварес үшінші жекпе-жекті өткізуге дайын екенін мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети