04 қыркүйек 2018 17:44

Головкин екінші кездесуге тек ақша үшін шыққалы отыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ToFight.Ru © ToFight.Ru

Ресейлік "Советский Спорт" сайты қыркүйектің басты жекпе-жектер шолуында WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ресейлік "Советский Спорт" сайты қыркүйектің басты жекпе-жектер шолуында WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымтаға болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

"Биыл көпшілік күткен қарымта жекпе-жек өтеді. Алғашқы кездесу ринг сыртындағы төрешілердің бірі Аделаида Бердтің даулы шешімімен тең аяқталды. Ол басымдықты мексикалыққа берді. Бұл жолы төрешілер Стив Вайсфельд, Гленн Фельдман және Дейв Моретти. Бұдан артық әділ төреші табу қиын, сондықтан Сауль Альвареске өз күшіне сену ғана қалды", - деп жазады басылым.

Сонымен қатар, спорт сайты Геннадий Головкиннің бір жылда жақсара қоймағаны туралы жазған.

"Дэнни Джейкобспен жұдырықтасқаннан бері қарсыластарынан бұрынғыдай басым болғанын байқамадық. Жалпы, қазақстандық боксшы ірілігі өзіне тең боксшылармен сирек кездесті, осы себепті жеңіске көп жетті. Альварес Головкиннен сегіз жас кіші және жанкүйерлер допинг дауын еске сала бермеуі үшін жеңіске жеткісі келеді. Мексикалықтың спорттық мотивациясына күмән жоқ, Ал Головкинге бұл жекпе-жек қаржы үшін ғана қажет, сондықтан қарсыласының басымдығы бар деуге болады", - делінген сайттағы мәтінде. 

"Болжам: Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жетеді", - деп жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети