1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Головкин ESPN рейтингіне наразылығын білдірді

Головкин ESPN рейтингіне наразылығын білдірді Головкин ESPN рейтингіне наразылығын білдірді

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин ESPN телеарнасының рейтингіне наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ESPN тұжырымы бойынша жаңартылған рейтингте орта салмақта қазақстандық боксшы екінші орынға тұрақтады, ол WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестен кейінгі орында тұр, олар алдағы уақытта жұдырықтасады.

"Сіздер бұл рейтингпен келісесіздер ме? Менің позициям біртүрлі көрінеді", - деп жазды Головкин өз твиттерінде және ол тізімді жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Boxing News журналы Головкинді Pound for Pound рейтингінде тоғызыншы орынға қойды.