13 қараша 2015 10:28

Головкин - Фроч жекпе-жегі 2016 жылы өтеді - Эдди Хирн

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карл Фроч және Эдди Хирн. © fightnews.ru Карл Фроч және Эдди Хирн. © fightnews.ru

Карл Фрочтың промоутері Эдди Хирн ағылшын боксшысы мен қазақстандық Геннадий Головкиннің жекпе-жегінің 2016 жылы өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Карл Фрочтың промоутері Эдди Хирн ағылшын боксшысы мен қазақстандық Геннадий Головкиннің жекпе-жегінің 2016 жылы өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Мен таяуда Карл Фрочпен сөйлестім. Ол да, мен де оның боксқа оралуына тұрарлықтай бір ғана жекпе-жек бар деп ойлаймыз, ол Головкинге қарсы кездесу өткізу. Мен Карлдың Джеймс Дигейлмен жұдырықтасқанын ұйымдастырғым келген. Бірақ Уэмблидегі жекпе-жегі үшін Карлға қанша ақша төлегенімді білемін, оның енді қайта оралуы үшін қанша қаражат беретінімді де білемін. Бұл Дигейлге қарсы жекпе-жек емес. Бұл Головкинге қарсы жекпе-жек. Карл салмақ қосқанын және 168 фунтқа дейін салмақ тастаудың қиын екенін айтты. Мен Том Леффлерге хат жазып, олардың Карлмен қанша салмақта жұдырықтасатынын сұрадым. Том 168 фунтқа келісетінін айтты. Мен бұл хабарды Карлға айттым. Ол Головкин жайлы ойлап жүр. Бұл жекпе-жектің 2016 жылы өтеді деп ойлаймын", - деп келтіреді оның сөзін "ВКонтакте" желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы. 

Айта кетейік, екінші орта салмақта әлемнің 38 жастағы экс-чемпионы Карл Фроч 14 шілдеде мансап жолын аяқтаған болатын, бірақ таяуда ол тағы бір жекпе-жек өткізу туралы ойлап жүргенін мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети