08 қыркүйек 2017 08:52

Головкин жекпе-жектеріне неліктен әйелі мен баласының келмейтінін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) ESPN арнасына берген сұхбатында неліктен жары Алина мен 8 жастағы ұлы Вадимның өзі қатысқан жекпе-жектерге келмейтінін түсіндірді.

"Өте көп эмоция, күйзеліс те көп. Мен ұлым үшін Джинн секілдімін. Егер ол сұмдық бір жекпе-жекті көретін болса... бұл ол үшін жақсы емес. Ол Санта-Моникада тұрады. Хоккейді, теннисті жақсы көреді. Тамағы жақсы, мұхит бар. Ол менен өзгеше", - деді Головкин. 

Еске салайық, осыған дейін Головкин әйелі екеуі дүниеге тағы бір баланың келуін күтіп жүргендерін айтқан еді. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети