Головкин жыл сайынғы WBC конвенциясына қатысу үшін Қытайға барды

01 Қараша 2015, 14:51
0
Головкин жыл сайынғы WBC конвенциясына қатысу үшін Қытайға барды - © ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы
© ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобы

WBA (Super), IBF, IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин жыл сайынғы WBC конвенциясына қатысу үшін Қытайға барды, - деп хабарлайды Vesti.kz  ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Геннадий GGG Головкин" тобына сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) конвенциясы 1-7 қараша аралығында Қытайда өтеді. Головкин қазіргі кезде Мигель Котто иелік ететін WBC белбеуіне негізгі үміткер болып отыр.


Головкин Лео Санта Круспен бірге

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен бапкерлері келесі кездесуін 2016 жылдың ақпан айында өткізуді жоспарлап отыр. Сауль Альварес пен Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы отандасымызбен жұдырықтасуы тиіс.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай