15 қыркүйек 2018 12:26

Головкин - "Канело". Жекпе-жек төңірегіндегі атмосфера қызып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ертең, 16 қыркүйек таңертең қазақстандық уақыт бойынша Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ертең, 16 қыркүйек таңертең қазақстандық уақыт бойынша Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің екінші жекпе-жегі өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Vesti.kz порталының мәліметінше, бокс кешінің басты оқиғасы жексенбі сағат 08.00-08.30 аралығында басталады. Қазақстанда тікелей трансляцияны QazSport және Qazaqstan телеарналары жүргізеді. Трансляция №1 >>>  Трансляция №2 >>>

Шоудың бірінші жекпе-жегі Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекке қараған түні сағат 03.00-де басталады. PPV-трансляциялар алдындағы жекпе-жектер Facebook желісінде трансляцияланады. 

Америкалық НВО-ның ақылы трансляциясы мен шетелдік телеарналардың Головкин - Альварес андеркартын көрсетуі Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте таңғы сағат 06.00-де басталады. QazSport және Qazaqstan телеарналарының да трансляциясы осы кезге жоспарланған.

Айта кетейік, WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізді. Головкиннің салмағы 159,6 фунт (72,393 келі) болды, ал Альварес - 159,4. Қазақстандық боксшы қарсыласынан 91 грамм ауыр.

Сонымен қатар, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жек алдында көз арбасу рәсімін өткізді. Головкин мен Альварестің көз арбасу рәсімі жанжалға ұласты.

Головкин - Альварес екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді, осыдан бір жыл бұрын олардың бірінші кездесуі осы жерде өтіп, екеуі тең түскен болатын. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша 16 қыркүйекте таңертең өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети