31 шілде 2017 08:53

Головкин, "Канело", Сондерс, Лемье - ешқайсысы да мені жеңе алмайды - Джермалл Чарло

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Жуырда ғана орта салмаққа  ауысып, өткен аптада бұл салмақта бірінші жеңісіне жеткен америкалық боксшы Джермалл Чарло (26-0, 20 КО) орта салмақтағы ең мықты деген боксшылармен кездесуге дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Чарло өткен аптада Нью-Йорк қаласында аргентикалық Хорхе Себастьян Хейлендпен (28-5-2, 15 КО) кездесіп, төртінші раунда жеңіске жетті. Осылайша ол қазіргі уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 37-0, 33 КО) тиесілі орта салмақтағы WBC белбеуінің басты үміткері атанды.

"Орта салмақта, яғни 160 фунтта мен өзімді еркін сезінемін. Алдағы уақытта кез-келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын. Маған орта салмақтағы ең мықты боксшыларды алып келіңіздерші. Менімен жұдырықтасқысы келетін кез-келген боксшыға қарсы шаршы алаңға шығуға дайынмын. Орта салмақта менің үстемдік құратын кезім келді. Головкин, "Канело", Сондерс, Лемье ме? Бұл боксшылардың ешқайсысы мені жеңе алмайды", - деді Чарло жекпе-жегінен кейін өткен баспасөз жиынында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети