29 тамыз 2018 10:23

Головкин "Канеломен" қарымтада жеңісіне толық сенімді еместігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. © boxingscene.com Геннадий Головкин. © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) FightHub TV арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесуге қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) FightHub TV арнасына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесуге қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшының айтуынша, алғашқы жекпе-жек ол үшін жақсы тәжірибе болды.

"Өзімді жайлы сезінемін. Жаным тыныш. Алғашқы жекпе-жек жақсы тәжірибе болды, не істеу керектігін білемін. 15 қыркүйекте бәріне көрсетемін. Ненің қалай екені туралы көп айта бергім келмейді, күш, денеге соққы мен сол сияқтыларды", - деді қазақстандық боксшы сұхбатында.

Ал "жекпе-жек толық 12 раундқа созылса, жеңетініне сенімдісің бе?" деген сұраққа Головкин былай деп жауап берді: "Иә десе де, жоқ десе де болады. Күшімді сезіп тұрғандықтан иә деймін, өзімді өте жайлы сезініп жүрмін. Ал мұның бизнес болғандығынан жоқ деймін, Вегас - ол сұмдық бизнес". 

Cондай-ақ, боксшы жекпе-жекке қатысты жоспары туралы айтып өтті.

"Бір ғана жоспарым бар. Оны сабағым келеді. "Канело" көп қозғалған жағдайға да жоспарым бар", - деді Головкин.

Еске салайық, боксшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылы қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткен. 12 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің даулы шешімі бойынша тең аяқталды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети