29 маусым 2018 09:23

Головкин "Канелоның" мазағына жауап қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясының ролигіне видеожауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Мұның алдында Golden Boy Альварестің GGG соққысынан айналып өтіп, қарымта шабуыл жасаған сәті түсірілген видео жариялаған еді. Ролик соңында Deal with it деген көпке белгілі мем қолданылған. Бұл видеоны мына жерден көре аласыздар.

Ал Леффлердің жауап ролигінде Головкиннің мексикалықты оңдырмай ұрған сәті мен HBO телеарнасының бейресми төрешісі Харольд Ледерманның берген есебі көрсетіледі. Есепке қарағанда, төреші 12 раундтың сегізін қазақстандықтың пайдасына шешкен. Ал бірінші кездесу, естеріңізде болса, тең аяқталып, 118-110 деген есеппен Альварес ұтты деп шешім шығарған Аделаида Бердтің бағасына қатысты дау шыққан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети