11 қыркүйек 2018 09:05

Головкин карьерасын аяқтау жайлы сұраққа: "Ол туралы 15 қыркүйектен кейін сұраңыз"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Boxingtalk.com басылымына берген сұхбатында 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жегіне қатысты бірнеше сұраққа жауап берді. 


Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин Boxingtalk.com басылымына берген сұхбатында 15 қыркүйекте Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жегіне қатысты бірнеше сұраққа жауап берді. 

- Титулды қорғаған 20 жекпе-жегіңіздің төртеуі ғана тоғызыншы раундтан ары қарай жалғасын тапты. "Канеломен" өткен алғашқы жекпе-жекте сіз шаршағандай көріндіңіз. Бұл жолы өз күшіңізді бақылайсыз ба? Мұның қайталануына жол бермеу үшін не істейсіз?

- Мені тек жекпе-жегімді өткізетінім алаңдатады. Қазір жағдайым жақсы, тіпті 25 жастағыдаймын. 

- Танымал Марвин Хагрел үстіңізде жібектің матасынан жасалған пижама болғанда төсегіңнен таңғы сағат 5-те тұру қиын екенін айтқан. Карьераңызда бокстан біраз ақша таптыңыз. Қазір ең алғаш чемпион аталған кездегідей мотивация бар ма?

- Бокспен енді айналысып жүргенімде чемпион атағын алғым келді. Маған чемпион болған ұнайды және өз арманымнан бас тартуға әлі дайын емеспін. Әлем чемпионы болып қала бергім келеді, сондықтан күнделікті жаттығып, маңдай терімді төгемін. Чемпион болып қалудың жалғыз амалы осы ғана. Менің жаттықтырушым Абель Санчес арнайы кесте құрып қойған, мен ол режимді сақтаймын. 

- 15 қыркүйек болатын жекпе-жекте жеңсеңіз соңғы рет алаңға шығуыңыз қаншалықты рас?

- Мұны 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жектен кейін сұраңыз. Қазір жағдайым жақсы әрі күшім қалпында. Егер жанкүйерлерім бокстағы карьерамды әрі қарай жалғастырғанымды қаласа, көре жатармыз. 

- Егер жекпе-жекте тең түсіп жатсаңыздар, әділ қазылар алқасы сізді алаңға үшінші рет шығаруы үшін жеңісті "Канелоға" бере салады деп қорықпайсыз ба?

- Мен өз жұмысымды атқарамын. Мен боксшымын. Әділ қазылар алқасы да өз ісін адал атқарады деген ойдамын.

- Жекпе-жекте "Канело" жиі шабуылдаса, ринг соңына дейін жете ме?

- Менің ойымша жекпе-жек екеумізге де оңайға соқпайды. Мен 12-раундқа дейін дайындалдым. Бұл жекпе-жек қалай өтетінін немесе қалай аяқталатынына болжам жасай алмаймын. Бар білерім жаттығу лагерінде уақытымды пайдамен өтізгенім және Абель Санчес жаттығуыма бірнеше жаңа деталь қосты. 15 қыркүйекте өтетін жекпе-жегім мен Big Drama Show-ды асыға күтемін. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өткен. Алайда, әділ қазылар алқасы жеңімпазды анықтай алмай, жекпе-жекке тең баға берген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети