25 қаңтар 2017 12:18

Головкин қарсыласының сағын сындыратын боксшы, бірақ менің стратегиям дайын - Джейкобс

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

WBA белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне керемет жоспар даярлап қойғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.


WBA белбеуінің иегері Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне керемет жоспар даярлап қойғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі.

"Мен қазір бір арманмен ғана өмір кешіп жүрмін, өйткені менің ең биік жетістікке жету туралы арманым орындалайын деп тұр. Кей боксшылар өмір бойы осындай айтулы жекпе-жекті өткізе алмай жүр. Рингтегі және одан тыс көрген қиындықтарым менің жауынгерлік рухымды тәрбиеледі. Өліммен бетпе-бет келген адам тұлға болып қалыптасады. Мен өзгелерді рухтандырғым келеді.

Вирджил Хантердің залында қазіргі және бұрынғы чемпиондармен жаттығуға мүмкіндік бар. Олардың тарапынан болған кез келген көмекті бағалаймын. Ал өз командаммен бірге ауыр еңбектің арқасында Головкиннен басым түсетіндей тамаша стратегия ойластырамыз.

Мен Головкинді мойындаймын. Ол қарсыласына үлкен қысым жасап, оны моральдық және физикалық тұрғыда қауһарынан айырып, сағын сындырады да, соңында әдемі нүктесін қояды. Бірақ менде оған қарсы тұратындай тамаша стратегия, мәнер және күш бар.

Мен жаттығулар арқылы ең мықты деңгейіме жетемін және сол күні шаршы алаңда ойлағанымды жүзеге асырамын", - дейді Джейкобс RingTV арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети