05 шілде 2018 11:15

Головкин қазақстандықтарды Астананың 20 жылдығымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бокстан орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Елорда Инфо.


Бокстан орта салмақта WBC, WBA (Super), IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин қазақстандықтарды Астананың мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді шын жүректен Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын! Осы уақытқа дейін тәуелсіз және өркендеп келе жатқан Қазақстанның нағыз символына айналған Астана бүгінде еліміздің жүрегі мен халық мақтанышына айналды. Елбасының жігерлі шешімінің арқасында бәріміз нағыз тарихтың куәгері болдық. Жаңа астананың пайда болып, қарыштап дамығанын көрдік, бүгінде ол даму жылдамдығымен әлемді таңдандырып келеді", - деп келтіреді Голвкиннің сөзін басылым. 

Боксшы Қазақстанға келерде Астана бірінші қала екенін, сондықтан үйге оралумен байланысты болатынын атап өтті. 

"Осындай айтулы күнде осында келіп, Астанамыздың расымен заманауи, әдемі және болашағы бар әлемдік астанаға айналып келе жатқанын өз көзімен көре алғаныма қуаныштымын. Осы бір салтанатты күні отандастарымның барлығына денсаулықтарыңыз мықты болсын, әр шаңырақта береке және сәттілік тілеймін!" - делінген Головкиннің құттықтауында. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети