22 наурыз 2017 08:51

Головкин қазақстандықтарға арнап мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/gggboxing © instagram.com/gggboxing

Боксшы Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында барлық қазақстандықты Наурыз мейрамымен құттықтап, қолдау білдірген қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты.


Боксшы Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында барлық қазақстандықты Наурыз мейрамымен құттықтап, қолдау білдірген қазақстандық жанкүйерлерге алғыс айтты.

"Happy Nauryz to you all! Барлық қазақстандықты Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Көктемнің басты мерекесі қарсаңында жерлестерімді қуанта білгеніме қуаныштымын. Бұл жеңіс Наурыз мейрамына орай жасаған сыйым! Біздің Жаңа жыл жеңіспен басталды, жалғасы да осындай сәтті болсын! Наурыз құтты болсын! GGG", - деп жазды ол.


© instagram.com/gggboxing

Сондай-ақ, боксшы қолдау білдіріп, құттықтап, сенген жанкүйерлерге рақмет айтты. "Нью-Йорктің басты аренасында өз үйімде жүргендей жағдай жасап, жекпе-жекке келгендерге алғыс айтамын! Келгендеріңізге, қолдағандарыңызға, Мэдисон Сквер Гарденнің әрбір секторында біздің туымыз көрініп тұрғаны үшін рақмет! Жексенбіде таңғы уақытта ұйықтамаған жерлестеріме рақмет. Сіздердің қолдау мен үшін маңызды, үлкен спорт мерекесінің бір бөлшегі болғандарыңызды сезіндіңіздер деп сенемін! Геннадий Головкин", - деп жазды спортшы.


© instagram.com/gggboxing

Еске салайық, жексенбіде Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты жеңген болатын. Осылайша боксшы 37-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Қазақстандықты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жеңісімен құттықтаған еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети