14 наурыз 2017 11:12

Головкин келесі жекпе-жегін Қазақстанда өткізетінін растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) келесі жекпе-жегін өз елінде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) келесі жекпе-жегін өз елінде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен өз елімде жекпе-жек өткізгім келеді. Себебі отандастарым да өз көзімен көргісі келеді. Бұл бір жағынан тарихта қалатын оқиға. АҚШ-та бұл жоғары деңгейдегі шара, қазақстандықтар да осындай шараға араласқысы келеді, сезінгісі келеді", - деді Головкин қорытынды баспасөз-конференциясында.

Осыған дейін "Астана ЭКСПО-2017" өкілдері Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі жайлы сөз қозғаған болатын. "Жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр, алайда оған қатысты басқа мәліметтерді айта алмаймыз", - деген еді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіндегілер, сондай-ақ, қазақстандық промоутер Головкин Астанада жекпе-жек өткізеді деген хабарға қатысты пікір білдірген болатын.

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети