Екінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уорд ұлыбританиялық Карл Фрочтың қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы айтқан сөзіне жауап қайтарды, - деп жазады Vesti.kz.
Екінші орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Андре Уорд ұлыбританиялық Карл Фрочтың қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы айтқан сөзіне жауап қайтарды, - деп жазады Vesti.kz.
Карл Фроч қазақстандық боксшымен жекпе-жек өткізбейтінін айтып, Уордпен жекпе-жек өткізуге кеңес берген болатын. Бұл ұсынысқа қатысты Уордтың өз пікірі бар екен.
"Мен Карл Фрочты Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгенін көргім келеді. Мен оның зейнеттен қайтып келуі мүмкіндігін естідім, - дейді Уорд Sky Sports басылымына берген сүұхбатында. "Ал менің Головкинмен жекпе-жекке шығар уақытым өтіп кетті. Сондықтан мен салмақ бойынша басқа деңгейге өттім. Мен онымен кездесу өткізуге барымды салдым, дегенмен, өкінішке қарай, жекпе-жек болмады. Бұл керемет жекпе-жек болар еді деген ойдамын".
Ал Головкинның өзі Фрочты көп сөйлейтін және ештеме істемейтін сайқымазақ деп атады.