20 наурыз 2015 12:05

Головкин кіші Чавес мәлімдемесінің қалжың екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин. ©"Геннадий GGG Головкин" ВКонтакте Геннадий Головкин. ©"Геннадий GGG Головкин" ВКонтакте

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавестің миллион доллар бәс тігу туралы мәлімдемесінің қалжың екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасап.

Айта кетейік, кіші Чавес Геннадий Головкиннің ұлыбританиялық Мартин Мюрреймен жекпе-жегінен кейін қазақстандық боксшыны нокаутқа түсіретінін және бұған миллион доллар бәс тіккенін айтқан еді. "Головкиннің қу сүйегі болмаса, ол айтарлықтай жақсы боксшы емес. Жекпе-жекке шығатын болсақ, мен сені нокаутқа жіберем, сол үшін гонорарымнан миллион доллар бәс тігемін", - деп жазды кіші Чавес өзінің Twitter-інде. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін кіші Чавестің Геннадий Головкинді күлкі етуге тырысқаны хабарланған болатын. Кіші Чавес Instagram желісіндегі парақшасына Головкинмен төбелесіп жатқан видеосын салды. Боксшы өз соққыларына Головкиннің жауап қайтара алмағандығын айтып, келеке етті. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети