23 ақпан 2015 10:54

Головкин кіші Чавеспен маусым айында жұдырықтасуға әзір

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хулио Сезар Чавес. ©12asaltos.com Хулио Сезар Чавес. ©12asaltos.com

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Хулио Сезар Чавестің Twitter-дегі мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды RingTV.com. Ол Головкинді нокаутпен жеңетінін жазған еді. Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы кіші Чавеспен алдағы маусым айында жекпе-жекке шығуға дайын. 


Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Хулио Сезар Чавестің Twitter-дегі мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды RingTV.com. Ол Головкинді нокаутпен жеңетінін жазған еді. Леффлердің айтуынша, қазақстандық боксшы кіші Чавеспен алдағы маусым айында жекпе-жекке шығуға дайын. 

Промоутердің айтуынша, бұл тамаша жекпе-жек болар еді. "Тамаша мәлімдеме. Бірақ оның Twitter-ге жазғаннан бұрын жекпе-жекке шығуға келіскені дұрыс болар еді. Егер ол Фонфараны (Анджей Фонфара, поляктың кәсіпқой боксшысы - Авт.) жеңсе, онда Головкинмен тамаша кездесу болар еді. Головкин маусым айында жұдырықтасуға дайын", - деді Леффлер. 

Айта кетейік, мексикалық боксшы Геннадий Головкинді нокаутқа жіберетінін айтып, оны жекпе-жекке шақырған еді. "Өзінің қуатынсыз Головкин анау айтқандай жақсы боксшы да емес. Егер біз жекпе-жекте кездессек, оны нокаутқа жіберуге гонорарымнан миллион доллар тігемін", - деп жазды кіші Чавес Twitter-де. Айта кету керек, Чавестің Фонфарамен кездесуі 18 сәуірге жоспарланған. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Sports.ru Геннадий Головкин мен кіші Чавестің жұдырықтасуын 2015 жылы болуы мүмкін кездесулердің үздік бестігіне енгізген еді. Тараптар жекпе-жекке 2014 жылдың жазында уағдаласқан, бірақ кездесу өтпеді. 

22 ақпан күні Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді нокаутпен жеңген болатын. Кездесу 11-раундта аяқталды. Бұл жекпе-жек қазақстандық боксшының 2015 жылғы алғашқы және өзінің кәсіби жолындағы 32-кездесу болды. Боксшы биыл шаршы алаңға төрт рет шыққалы отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети