Головкин Қытайдың ең танымал адамдарының бірімен кездесті

16 Қараша 2017, 13:59
0
Головкин Қытайдың ең танымал адамдарының бірімен кездесті -

Орта салмақтағы WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Қытайда атақты кино әртісі Джет Лимен кездесті, деп жазады Vesti.kz порталы.

"Қытайда мықты тұлғалармен кездесіп жатырмын", - деп жазба қалдырды отандасымыз өзінің Инстаграм парақшасында.

Головкин Қытайға елдің ең бай адамдарының бірі Джек Маның шақыртуымен келді. Ма 11 қараша күні Шанхайда басты рөлде өзі ойнаған деректі фильмді шығарған еді Ал Головкиннің даңқты филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо (59-7-2, 38 КО) және Голливуд жұлдызы Джейсон Стэтхэммен бірге фильмнің трейлеріне түскен еді.

Alibaba Group интернет-компаниясынан 39 миллиард доллар пайда тапқан 53 жастағы Ма Головкиннің жанкүйері. Қыркүйек айында ол отандасымыздың мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өткен кездесуін тамашалап, жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшымен суретке түсіп алды.

 

[removed][removed]

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай